Қарағанды облысында «Қыс-2023» РКШОЖ

Қарағанды облысында «Қыс-2023» РКШОЖ

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына міндеттер қойды. Әрбір өңір практикалық іс-қимылдарды пысықтады.

Оқу-жаттығу штабының бастығы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару құралымдарының қатал қыс жағдайында туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді.

Бұл іс-шара халыққа бірыңғай ескерту «Баршаның назарына!» сигналына ден қою тәртібін сіңіру мақсатында ұйымдастырылды

Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулар  шеңберінде облыс аумағында төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтау бойынша 25-тен астам тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді: қалың қар жауғанда және боран болған кезде іздестіру-құтқару жұмыстары, оның ішінде құтқару авиациясын, вагондардың темір жолдан шығуы және төгілген қауіпті жүктің тұтануы.

Қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штаб шатыры, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылған далалық басқару пунктінің жұмысы көрнекі түрде ұсынылды. Сондай-ақ, өтімділігі жоғары автомашиналар базасында жылжымалы байланыс тораптарының мүмкіндіктері, квадрокоптермен жер бетін бақылау бойынша  және зардап шеккендерді анықтау бойынша жұмыстар көрсетілді.

Осындай іс-шаралар барлық қалалар мен аудандарда өткізілді.

Қарағанды облысының аумағында тәжірибеге сүйене отырып, ұзындығы 574 км автожолдардың 590 қарлы учаскелері күшейтілген бақылауға алынды, 28 жылыту пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жол бойындағы сервистің 300-ден астам нысаны тартылатын болады.

Қысқы кезеңде ТЖ салдарын жою үшін барлық қажетті техника мен жабдықтар толық дайындықта болады. ТЖ Департаменті қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Барлық жерүсті көліктері, вахталық автомобильдер белсенді тартылатын болады. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника облыстың ең қарлы бағыттары бойынша таратылады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі