
2023 жылдың 23 қарашасында Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин «Сейсмология институты» ЖШС басшылығымен бірлесіп Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті Әлия Сағындыққызы Ақтымбаева деканмен және студенттерімен кездесу өткізді.
География және табиғатты пайдалану факультеті – барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жер туралы ғылым, қоршаған ортаны қорғау саласында кеңейтілген құзыреттіліктері бар жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі Қазақстанның Бас білім беру орталығы. Факультет ғылымның қазіргі даму тенденциялары мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес лицензияланған білім беру қызметін ұсынады.
Қазіргі таңда, заман талабына сай қоршаған ортада, географияда, соның ішінде геодезия және картографияда, кадастрда, геоақпараттық жүйесінің технологияларында, метеорологияда, гидрологияда, туризмда болып жатқан жаһандық және аймақтық өзгерістер ұлттық қауіпсіздік және мемлекетіміздің тұрақты дамуында өте маңызды болып табылады.
Алдыңғы қатарға климаттық өзгерістер және бейімделу, су және энергетикалық қауіпсіздік шықты.
Кездесу барысында 3 және 4 курс студенттерімен, сондай-ақ экология, тіршілік қауіпсіздігін қорғау, табиғи және техногендік тәуекелдер бағыты бойынша магистранттармен оларды сейсмология институтына және ТЖМ-ге жұмысқа орналастыру үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша университетпен 2024 жылдың басында 4 курс студенттерінің ТЖМ Сейсмология институтында практикадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылық құрамымен су дипломатиясы бойынша (қолда бар оқу бағдарламасына сәйкес) біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру.
Курстың мақсаты су объектілерінің экологиясы және су шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуі саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті