2023 жылғы 23 қарашада барлық өңірлерінде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Оқу-жаттығу 2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығудың жедел штабы Қостанай қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың жетекшісі ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.С. Нұрпейісов болып табылады.
«Қыс-2023» РКШО-ның бірінші кезеңі сағат 08:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдері мен бөлімшелері дайындыққа келтірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің дағдарыс орталығының залында мемлекеттік органдардан, республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінен жедел топтар жиналып, оларға қойылған міндеттер жеткізілді. Республикалық азаматтық қорғау қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдарға қиын қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін өздерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру міндеті қойылды.
Республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияларымен бұдан әрі басқару тапсырмалары мен сигналдарын, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратқа сұраныстар мен хабарламаларды беру үшін тұрақты байланыс орнатылды. Төтенше жағдайларды жою және бағынысты күштерге жағдайдың қолайсыз дамуы жағдайында функционалдық міндеттерді орындауға міндеттер қою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде басқару органдарына дауылды ескерту және оқу-жаттығу тақырыбына байланысты тиісті кіріспе жеткізілді. Қазіргі жағдайды бағалау және төтенше жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
ТЖД баспасөз қызметі