Елордада «Қыс-2023» РКШОЖ

Елордада «Қыс-2023» РКШОЖ

Астана қаласында қысқы кезеңде халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыруды дайындау бойынша «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Елордада оқу-жаттығудың практикалық іс-қимылдары «Қазанат» ипподромының аумағында өтті, онда зардап шеккендерді эвакуациялау, жол төсемін тазалау, адасқан адамдарды іздеу, медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар пысықталды.

Елорда әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев пен ТЖД бастығы генерал-майор Марат Күлдіков азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару құралымдарының қатал қыс жағдайында туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді. Электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. «Қыс-2023» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша бес оқу орнында өтті.

РКШЖ шеңберінде бірнеше төтенше жағдайларды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді: адамдарды қар кептелісінен эвакуациялау, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлікті сөндіру, қатты жауын-шашын, екпінді жел және қарлы боран кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары, оның ішінде жоғары өтімді құтқару техникасын тарта отырып. Қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған далалық басқару пунктінің жұмысы, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері көрнекі түрде ұсынылды.

Қала аумағында жалпы ұзындығы 28,3 км автомобиль жолдарының 15 қарлы учаскелері, қаланың төрт ауданында орналасқан зардап шеккендерді қабылдайтын 16 пункт анықталды.     

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезең жағдайында ТЖ жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру, азаматтық қорғаудың кіші жүйелері жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру бойынша мәселелерді пысықтады, аудандық әкімдіктермен және басқа да қызметтермен жедел ақпараттың өтуіне тексеру жүргізді.

Қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою үшін жеке құрамның 620 адамы және құтқару, медициналық және инженерлік техниканың 457 бірлігі бар азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.

Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі