«Қыс-2023» РКШОЖ Түркістан облысында

«Қыс-2023» РКШОЖ Түркістан облысында

Республиканың барлық аймағында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық ТЖД бастығы, полковник Асқар Төлешев қатысты.

Екі күнге созылатын шара Түлкібас ауданы аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу - екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде - облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталады. Ал екінші кезеңде - табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізіледі.

Қыс мезгілінде ауа-райының күрт өзгеруі әсерінен облыс аумағындағы кейбір жолдарда жыл сайын көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл жағдай Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында жиі орын алады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау құрылымдарының күштері жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару жұмыстарына дайындық үстінде. Сонымен қатар, олар апаттық жағдайларды жоюға жұмылдырылуда.

         

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі