Өткен тәуліктегі Ақтөбе облысындағы авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары

Өткен тәуліктегі Ақтөбе облысындағы авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары

Қысқы кезеңнің өткен алғашқы тәулігінде Ақтөбе облысының аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасалды. Қолайсыз ауа-райына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары орын алды.

Темір ауданында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы 140 шақырымында құтқарушылардың  көмегімен жеңіл автокөлігіндегі жүргізуші Шұбарқұдық елді-мекеніне жеткізілді.

Ойыл ауданы Берсиев ауылды округі Құмжажарған елді мекенінде үйіне оралмаған малшы құтқарушылардың көмегімен Құмжажарғаннан 6 шақырым қашықтықтағы Қуырдақты жерінде аман-есен табылды.

Байғанин ауданында «Байғанин-Жарқамыс тас жолы 18 шақырымында қар құрсауында тұрып қалған «Газель» автокөлігіндегі 2 адам құтқарушылар көмегімен эвакуацияланды.

Әйтеке би ауданы Аққұм ауылынан Жабасақ ауылына «Нива» автокөлігімен жұмыс мақсатымен шыққан 3 жұмысшы Жабасақ ауылына  жетпей, хабарсыз болды. Нәтижесінде, жұмысшылар байланысқа шығып, Жабасақ ауылынан аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі және жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады. Қысқы сапарға шықпас бұрын:

  - ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;

  - қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;

  - «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.

  - машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау: отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш, шай термосы және азық-түлік қоры, жылы киімнің қосалқы жиынтығы.

Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі