Біздің батырлар: Азат Саясат

Біздің батырлар: Азат Саясат

Атырау облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Саясат Азат Азаматұлы азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етеді.

2022 жылы Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде пәтер терезесінен қалың түтін шығып, пәтерде тұрғындар қалғаны анықталды.  

Оқиға барысында аға өрт сөндіруші-құтқарушы А.Саясат газ түтіннен қорғау қызметінің буынымен бірге подъезге кіріп, үшінші қабатқа көтеріліп, есікті бұзып, пәтерге кірді. Сол сәтте А.Саясат жедел әрекет етіп, екі сәбиді дереу қолға алып, таза ауаға жайлап түседі, балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды дереу жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына береді.