Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Түркістан көшесі бойындағы №3 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының құрылысын тексерді. Салынып жатқан 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қаланың орталық бөлігінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, ТЖ министрі М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының Шымкент қаласындағы оқу орталығына барып, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Жеке құраммен кездесу барысында мегаполистің жаңа шағын аудандары мен тұрғын алаптарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру депосының материалдық-техникалық базасын барынша тиімді пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар, ол қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін одан әрі арттыру үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуге жеке құрамның назарын аударды.
Шымкент қаласы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы