Анонс

Анонс

2023 жылғы 22-24 қараша аралығында Алматы қаласында «Сел қауіпсіздігі-Қазселденқорғау қызметіне 50 жыл: қазіргі ахуалы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар таяу және қиыр шет елдер үшін де өзекті болып табылатын жойқын сел ағындарынан халықтың, инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына арналған. Аталған проблемаларды шешу Сендай қаласында (Жапония) өткен дүлей зілзалалар  қаупін азайту жөніндегі үшінші дүниежүзілік конференцияда қабылданған дүлей зілзалалар қаупін азайту жөніндегі 2015-2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сәйкес келеді.

Конференция шеңберінде сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сел ағындарынан инженерлік қорғау, алдын алу селден қорғау жұмыстары және сел қауіптілігінің мониторингі, селдерді зерттеудің теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін дамыту, сел тәуекелдерін болжау және бағалау, пилотсыз ұшу аппараттарын, жерүсті жүйелерін пайдалана отырып, қашықтықтан зондтау мен картографиялаудың қазіргі заманғы әдістері сандық рельефтің орналасу және 3D модельдері жөніндегі ТМД елдеріндегі мемлекеттік саясат мәселелері қаралатын болады. Конференцияның маңызды элементі Қазселденқорғаудың тиімді жарты ғасырлық қызметінің қорытындысын талқылау болмақ.

Конференция аясында Алматы қаласының, «Қазселденқорғау» ММ Алматы филиалының ірі селден қорғау құрылыстарына бару, экскурсиялар, сондай-ақ аэровизуалды барлау жоспарлануда.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабылдау үйі, Желтоқсан к-сі, 167.

 

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне

тел: 8 (7172) 60-09-75,

электрондық мекенжайы: ps@emer.kz,

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

тел: 8 701 661 70 50

электрондық мекенжайы: ps_dchs_alm@emer.kz