
Батыс Қазақстан облысының тұрғын үйлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін 446 бұзушылық анықталды.
Жылыту маусымы басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысының тұрғын үйлерінде 320 датчик орнатылды
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында күн сайын тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер жүргізеді. Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің талаптары жеткізіледі.
Жылыту кезеңі басталғаннан бері тұрғын үй секторында 51 өрт болды, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің негізгі себептері жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі және электр жабдықтарын монтаждаутехникалық пайдалану ережелерін бұзу болды.
Өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарынаг 443 тұрғын үйі есепке алынды. Профилактикалық жұмыс барысында 1752 тұрғынға нұсқаулық берілді. Рейд жұмыстары барысында 443 тұрғын үйдің 91-і бұзушылықсыз пайдаланылуда, ал қалған 352 тұрғын үйде 446 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды.
Республикалық Жатақханажедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде облыс аумағында жатақханалар мен хостелдер тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады:
- тұрғын үйлер мен қосалқы ғимараттардың жанында қоқыстарды өртемеңіз
- ақау бар электр құрылғыларын пайдаланбаңыз;
- зақымдалған және қорғанысы жоқ электр сымдарын пайдаланбаңыз;
- төсекте темекі шекпеңіз;
- қоқыс шелегінде темекі тұқылын сөндірмеңіз;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз - балалардың отпен ойнауы да өрт себептерінің бірі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі