Ұлытау облысы ТЖД темір жол станциясында оқу-жаттығу өткізді

Ұлытау облысы ТЖД темір жол станциясында оқу-жаттығу өткізді

2023 жылғы 20 қараша күні Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-мен бірлесіп, Жезқазған теміржол станциясында төгілген күкірт қышқылын  жоюды пысықтау бойынша  арнайы-тактикалық  оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығудың кезінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің, ПД-нің, СЭС-тің қызметкерлерімен және жеке құрамға, техника мен жабдыққа тексеріс жасалып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жоспарға сәйкес ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен төгілудің салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді.

Жеке құрамға тыныс алу органдарын қорғау құралдарын және химиялық агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған арнайы костюмдер кигізіліп, цистернаға таңғыш салып, төтенше жағдайларды  жоюға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығудың мақсаты толық көлемде орындалды. Оқу-жаттығуға облыстық ТЖД қызметкерлері жеке құрамнан 17 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 15 адам, 2 техника, Желілік полиция бөлімінен 12 адам, СЭС-тен 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Арнайы оқу-жаттығу соңында мекеменің қызметкерлерімен төтенше жағдай туындаған кездегі алғашқы іс-әрекеттері пысықталып, назарларына жеткізілді.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі