Алматы облысында «Жатақхана» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындалды

Алматы облысында «Жатақхана» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындалды

2023 жылғы 20 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Жатақханалар мен хостелдердегі өрт қауіпсіздігі: республикалық «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі» такырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау баскармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Пархоменко Александр сөз сөйледі.

Брифинг барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтанудың маңыздылығын еске салып, Республика бойынша өткізілге «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен бөлісті.

Жатақханалар мен сол типтес үйлердің тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі білімінің деңгейін арттыру және адам көп шоғырланған жатақханалар мен хостелдерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері үнемі профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі аумағында, 13 қарашадан 17 қарашаға дейін ішкі істер Министрлігімен бірлесіп төтенше жағдайларға «ЖАТАҚХАНА» профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

 Бұл іс-шара бірінші кезекте өрттің алдын алу мақсатында бағытталған  өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша, жатақханалар мен қонақ үйлерде іс-шаралар жүргізілді.

«Алматы облысы ТЖД және Алматы облыс ПД өкілдерімен бірлесіп жатақхана иелерімен 18 жатақханада рейдтік іс-шаралар өткізіп 7 кездесу мен семинар ұйымдастырылды, 7 дөңгелек үстел өткізілді.

 Жатақханалардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін негізгі бұзушылықтары эвакуациялық шығулардың бітелуі, бастапқы өрт сөндіру құралдардың болмауы, өрт сөндіру крандары жұмысқа жарамсыз күйде және жеңдер мен оқпандармен жабдықталмаған.

Сондай-ақ, мобильді топ рейдтік іс-шаралар кезеңінде полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жеке тұлғаларға 10 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру)», - деп атап өтті спикер

Сонымен қатар, облыс тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын жеткізді:

Жатақханалар мен хостелдерде жарамды бастапқы құралдармен қамтамасыз ету өрт сөндіру, өртті анықтаудың Автоматты құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі (өрт крандары) және сыртқы (өрт сөндірушілер) жарамды жүйелерімен гидранттар) өртке қарсы сумен жабдықтарымен қаматамасыз ету қажет.

Жатақханалар мен хостелдерде эвакуациялау жоспарлары жасалу қажеттілігі. Эвакуация жоспарлары әр қабатта ілінеді, қабаттан эвакуациялық шығу дәліздің ұзындығы бойынша 20 метр болуы қажет.

жертөлелерді, шатырларды мақсатқа сай емес пайдалануға тыйым салынады;

жоба бойынша көзделген эвакуациялық шығу есіктерін дәліздерден, залдардан, фойелерден, тамбурлар және баспалдақ торларынан алып тастауға қатаң тыйым салынады;

есіктерді, люктерді, іргелес секцияларға өткелдерді және эвакуациялық баспалдақтарға шығуларды заттарды үйіп тастау өрескел қателік болып табылады;

өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына өтетін жолдарды, қауіпсіздік және өрт сөндіру, сондай-ақ құтқару құралдарын бекіткіш орындарын бітеу және жабуға болмайды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жатақханалардың, қонақ үйлер мен хостелдердің меншік иелері, сондай-ақ оларда тұратындар халық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі