2023 жылғы 23-24 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік соққы жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі:.
Оқу-жаттығудың республикалық штабы Петропавл қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы кезең жағдайында ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.
Оқу-жаттығу барысында Петропавл қаласында практикалық іс-шаралар кешені жоспарланған:
- тіршілік объектілеріндегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау (2023 жылғы 23 қарашада, «СевКазЭнерго» ЖЭО-2 аумағы);
-күшті әсер ететін улы заттардың төгілуіне байланысты техногендік сипаттағы ТЖ-ны жою (2023 жылғы 24 қарашада, ПМС-175 аумағы, Украинская көшесі, 254);
- табиғи сипаттағы ТЖ-ны жою (2023 жылғы 24 қарашада, Пестрое көлі);
-көппәтерлі тұрғын үйлердегі коммуникациялар аварияларын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау (2023 жылғы 24 қарашада, Ш. Уәлиханов көшесі, 1/3 мекенжайы бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй).
Мұндай практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне
тел: 8 (7172) 60-09-75,
электрондық мекенжайы: ps@emer.kz,
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
тел: 8(7152) 55-10-96, 8-778-714-00-59
электрондық мекенжайы: ps_dchs_sko@emer.kz