2023 жылдың 13-18 қарашасы аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің алаңында ТЖД, әскери бөлімдері және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары үшін «Қазақстандық патриотизмді және құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық қорғау органдарында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру» тақырыбы бойынша алғаш рет оқу-әдістемелік жиын өткізілді.
Жиынға қатысушылар жеке құрамның идеологиялық және тәрбие жұмысы бойынша өзекті және қажетті ақпарат алды және талқылады. Бұл жиынның маңыздылығы мен дер кезінде өткізілуі азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі идеологиялық және тәрбие жұмысы бойынша негізгі баяндамашылардың тақырыптарын талқылау барысында дәлелденді.
Жиынға қатысушылар алдында қорытынды сөз сөйлеген ТЖ министрі, алдағы осы бағыттағы жұмыстарды айқындау үшін мұндай жиындардың маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар оқу-әдістемелік жиынды аяқтағаны туралы сертификаттар мен азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдар алды.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті