
2023 жылғы 17 қарашада сағат 10:20-да құтқарушылар Атырау қаласында жоғалған бойжеткенді аман-есен тапты.
Айта кетейік, 2003 ж.т. азаматша 2023 жылғы 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған болатын.
2023 жылғы 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары Атырау облысы ТЖД-дан іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап, өтініш берді. Өтініш түскен бойда, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары 2 күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинологиялық есептобының көмегімен іздестірді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін 17 қараша күні сағат 10:20-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Руслан Нұров, Нұржан Рахимов, Жарқынбек Бүркітбаев, Ерболат Тампиев, Бисен Жұмашбаев, Мұрат Джумагазиев Жұмыскер ы/а орналасқан қараусыз тұрған сарайдан жоғалған бойжеткенді аман-есен тауып, ПД қызметкерлеріне тапсырды.
Жоғалу себебі анықталуда.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 қызметкері, 1 кинологиялық есептобы, 1 техникасы жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы