Біздің батырлар: Алдияр Тлепкалиев

Біздің батырлар: Алдияр Тлепкалиев

Тлепкалиев Алдияр Бекишович Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы, бас кинологы.

Бөлімшенің кинологиялық қызметінің негізгі бағыттары – табиғи орта жағдайында және техногендік үйінділерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жедел құтқару жасағының құтқарушысы болып 2020 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Бас кинолог Алдиярдың сенімді серігі итінің аты Сальма. Тұқымы-бельгиялық овчарка. Төрт аяқты құтқарушымыз-жедел-құтқару жасағының құтқарушысы болып 2019 жылдан бастап қызмет атқарады. Бұл тұқым өкілдері-күшті, бұлшық етті, икемді және өте ақылды жануарлар болып табылады. Көптеген құтқару жұмыстарына қатар қатысты.