Біздің батырлар: Нұрсұлтан Баймұханбетов

Біздің батырлар: Нұрсұлтан Баймұханбетов

Баймұхамбетов Нұрсұлтан Мақсатұлы Жетісу облысы Талдықорған қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап жұмыс істейді.  

2021 жылғы 14 қаңтарда Талдықорған қаласының Жастар шағын ауданында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Н.М. Баймұханбетов шақыру орнына алғашқылардың бірі болып келіп, пәтерде екі бала бар екендігі туралы ақпарат алды. Балаларды дереу іздеуге және құтқаруға кірісті. Оның дұрыс және уақтылы әрекеттерінің арқасында балалар құтқарылып, жедел жәрдем көлігіне тапсырылды. Бұл әрекеті үшін «Төтенше жағдай кезіндегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.