
Қуаныш Қайыржанұлы азаматтық қорғау органдарының қатарында 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы.
Жұмыс істеген жылдары бірнеше рет құтқару операцияларына қатысты. Күнделікті кезекшілігін орындап, Қапшағай су қоймасының жағасын моторлы қайықпен патрульдеу кезінде қуаныш батып бара жатқан қыз бен оны құтқаруға тырысқан жігітті байқады. Ол бірден суға секіріп, шектеу қалтқыларынан тыс шомылған жастарды құтқарды. Осы батырлық іс үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.