
Смайылов Рамазан Смағұлұлы азаматтық қорғау органдарында екі жыл жұмыс істейді. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Осы шағын жұмыс кезеңінде ол өзін жауапты және өте ынталы қызметкер ретінде көрсетті.
2021 жылғы тамызда Рамазан Смайылов Байзақ ауданында әскери бөлімінің аумағында өрт фактісі бойынша топ құрамында кетті. Өрт орнына 31 бірлік техника мен 114 адамнан тұратын күштер мен құралдар жіберілді. Гарнизон жоғары дәрежеде көтерілді. Бастапқы кезеңде ғимараттың қақпасына лафеттік оқпандармен су беру ұйымдастырылды, нәтижесінде жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау үшін уақыт үнемделді. Ол оқиға орнында өртті сөндіруге бағытталған іс-шаралар өткізді және оқ-дәрілер жарылған кезде ауыр жараланды, соның салдарынан Тараз қаласының № 1 қалалық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді.