
Жамбыл облысы ТЖД құтқару бөлімшесінің басшысы-құтқарушы Ернұр Архабаев азаматтық қорғау саласында 2004 жылдан бастап қызмет атақарады.
2022 жылғы 31 мамырда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қант зауыты аумағында Талас өзенінің бойында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында шамамен түскі сағат 12-де олар өзенге батып бара жатқан баланы көздері шалып қалды.
Суға шомылған жерден 100 метр қашықтықта ағыс алып кеткенін, тіпті жанында жүрген достары да кеш байқаған. Бас құтқарушылар Ермек пен Саят еш ойланбастан, суға секірді. Құтқару бөлімшесінің басшысы Архабаев Ернұр да әріптестеріне көмекке дер кезінде жетіп, барлығы баланы судан шығарып, оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен.
Өзін-өзі ұстай отырып, салқынқандылық пен тыныштықты сақтай отырып, күшті ағын мен құйынға қарамастан, құтқарушылар баланы судан шығарды. Қорыққан бала суды жұтып қойды, дем алу қиын болды. Ернұр Архабаев жәбірленушіге дереу дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Осыдан кейін ол баланың достарынан баланың мекен-жайын біліп, дереу жасөспірімнің тұрғылықты жеріне барды. Сол жерге келіп, ол көршілеріне баланың суретін көрсете бастады және баланың анасын тез тауып алып, оны оқиға орнына жеткізді.