Қазақстандық бес төреші алдағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында төрешілер алқасының құрамына енді

Қазақстандық бес төреші алдағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында төрешілер алқасының құрамына енді

Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында Халықаралық өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясына (ӨСҚХСФ) мүше елдердің министрліктері, ведомстволары, қауымдастықтары, федерациялары өрт-құтқару қызметтері басшыларының XXIV Халықаралық конференциясы өтті. Конференция жұмысына 19 мемлекеттің өрт-құтқару қызметінің өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының директоры Дәурен Данаев қатысты.

Конференция аясында өрт-құтқару спортын одан әрі дамытуға, келесі жылы халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге және алдағы жылдарға арналған міндеттерге, сондай-ақ өрт-құтқару спортын олимпиадалық деңгейге көтеруге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

ӨСҚХСФ атқару комитетінің директоры Андрей Калинин есепті баяндама жасады. Ол Ресей Федерациясының Саранск қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаттарына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасына алғысын білдірді.  Бұл әлем чемпионаттары әлемдік қоғамдастықтың өрт сөндіру-құтқару қызметінің тарихына тағы бір бетті енгізді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Волгоград қаласында өткен «Достық» кубогы мен «Алтын шабуыл» жүлдесіне арналған халықаралық жарыстардың қорытындылары туралы есепті баяндамамен жарыстың бас төрешісі Дәурен Данаев сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылардың назары келесі жылы Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға және өткізуге аударылды.

Бас төрешілер алқасына Қазақстан Республикасынан 5 өкіл сайланды: Абдурашид Абдухаликов, Асқар Базарбаев, Павел Сачков, Федор Суслов, Дәурен Данаев.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-дан Қазақстанның өрт-құтқару спорт төрешісі Михаил Филатовқа «Халықаралық санаттағы төреші» спорттық атағы берілді.  

Алматы облысы ТЖД қызметкері Павел Сачковқа Стамбул қаласында Әлем чемпионаттарын ұйымдастыруға және төрешілікке қатысқаны үшін халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының медалі табысталды.

         

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі