Абай облысында «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық шаралары өткізілуде

Абай облысында  «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық шаралары өткізілуде

Облыс аумағында ТЖД қызметкерлері полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жатақханаларда рейдтік жұмыстар жүргізді. Облыс аумағындағы  33 жатақхана және 4 хостелге профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды жою туралы нұсқаулықтар берілді. Рейдтер барысында жадынамалар таратылып, тұрғындар арасында жатақханалардағы өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі