«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы

14-15 қараша күндері Ұлытау облысы  ТЖД, ПД қызметкерлерімен бірлесіп республикалық «Жатақхана» жедел профилактикалық іс-шара өткізді. Жатақханадағы меншік иелерімен және тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.​​​​​​​ Іс-шара барысында барлығы 7 жатақхана, 380 адам қамтылды, 197 жадынама парақшалары таратылды.​​​​​​

Құрметті тұрғындар Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады!

Ұлытау облысы ТЖД

баспасөз қызметі