Біздің батырлар: Бердібек Майлыбаев

Біздің батырлар: Бердібек Майлыбаев

Майлыбаев Бердібек Мұратұлы 2018 жылдан бастап Қызылорда қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы қызметін атқарады.

2023 жылғы 30 сәуірде бөлімнің күшейтілген кезекшілігі кезінде сағат 18:27 минут өткенде пәтердің өртенгені туралы «112» - Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметінің байланыс нөміріне хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда қаласының А. Сүлейменов көшесіндегі №56 үш қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы № 5 пәтерде қою түтін шығып жатқаны анықталды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Бердібек қалың қою қара түтін басқан үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы №12 пәтерінен екі адамды құтқарып қана қоймай, алғашқы медициналық көмек те көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.