
Қызылорда облысы Әлжанов Бағдат Ибрагимұлы 2006 жылдан бастап сүңгуірлік құтқару саласында еңбек етіп келеді. 2015 жылдан бастап сүңгуірлік-құтқару бөлімінің бас құтқарушысы. Қызмет өткеру кезінде Қызылорда облысы аумағында болған түрлі іздестіру-құтқару жұмыстарын нәтижелі атқаруда.
Мәселен, 2022 жылғы 8 маусымда жедел құтқару жасақ базасының тұсында оқу-жаттығу жиыны кезінде Б. Әлжанов қашықтығы 100 метр жерден қарт кісінің тік жардан суға құлап кеткенін аңғарып, әріптесі Е. Оразбековпен бірге 80 жастағы әженің өмірін аман алып қалды.
Оған үздік қызметі үшін бұған дейін «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2011 жылы), «ҚР ТЖМ Алғыс хаты» (2013 жылы), «ҚР ІІМ ТЖК Грамотасы» (2015 жылы), «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі (2016 жылы), «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісі (2017 жылы), «Құтқарушы» ІІІ дәрежелі төс белгісі (2018 жылы), «ҚР ІІМ ТЖК Алғыс хаты (2019 жылы), «Құтқарушы» ІІ дәрежелі төс белгісі (2020 жылы) және көптеген ведомстволық наградалар табысталған.