Төрт жақты Меморандумға қол қойылды

Төрт жақты Меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылығы төрағалығымен, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының және Қазақстандық сервистік қызмет көрсету кәсіпкерлері қауымдастығының Президенттерімен, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, жаппай адамдар болатын басқа да объектілердің басшылары және лауазымды тұлғаларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов объектілердің басшылығы мен өкілдеріне сауда объектілеріндегі өрттердің статистикасын, объектілердің ағымдағы жай-күйін және өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын жеткізді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сауда және адамдардың жаппай болатын объектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау және қамтамасыз ету туралы бірыңғай келісім қабылданды.

Қорытындылай келе Қарағанды облысының ТЖ департаменті, «Атамекен» Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығы, Қазақстандық сервистік қызмет кәсіпкерлері қауымдастығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы төрт жақты Меморандумға қол қойылды.

Барлық кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігін сақтауға және қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға шақырамыз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі