
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметтерімен, сондай-ақ «Алматы бөлімшесі-Жүк тасымалы» ҚТЖ ЖШС ұйымымен бірлесіп, 2023 жылғы 15 қарашада Талдықорған-Қарабұлақ станциясында төгілген аммиакты жоюды пысықтау бойынша теміржол көлігінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың басында жеке құрамға, техника мен жабдыққа текесеріс жасалып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.
Аңыз бойынша теміржол цистернасының аппатық қысымын төмендету нәтижесінде аммиак төгілді. Аммиак буланып, аммиак бұлты қалыптасты. Вагондар цистернасын тексеру кезінде станция жұмысшысы есінен танып қалды. Оған көмекке химиялық қорғаныс костюмдерін киген өрт сөндірушілер келіп, ер адамды қауіпті аймақтан шығарып, медициналық шаралар кешенін өткізген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
Нысан әкімшілігі мен қызметкерлері келген өрт сөндіру есептерімен, құтқарушылармен кездесіп, жағдай туралы баяндады. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Оқиға орнында ТЖ жою штабы құрылды. Құтқарушылар бөлімшелері арнайы химиялық қорғаныс костюмдерімен теміржол цистернасына авариялық бандаж орнату арқылы аммиактың ағуын тоқтату жұмыстарын жеткізді.
Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері және «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп төгілген жердегі желдің бағытын өлшеу және топырақты іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында УАЗ базасында мобильді құлақтандыру кешені арқылы жұмысшыларды және жақын маңда тұратын халыққа құлақтандыру алгоритмі пысықталып, қауіпсіз учаскеге эвакуацияланды.
Оқу-жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізілді және толық көлемде орындалды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі