
Республикалық «ЖАТАҚХАНА» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 13-17 қараша аралығында облыс аумағында жатақхана мен хостелдардың тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Осыған ұқсас оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері, еріктілер қатарынан мобильді топтар құрылып, азаматтармен рейдтік іс-шаралар мен жиындар өткізілуде, олардың барысында жатақханалар мен хостелдардың тұрғындары мен иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндіріліп, өрт болған жағдайда іс-қимылдар пысықталуда.
Республикалық «ЖАТАҚХАНА» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс аумағында орналасқан 35-тен аса жатақхананы қамту жоспарлануда.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі