«Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

«Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 13-17 қарашасы аралығында Ішкі істер органдарымен бірлескен «Жатақхана» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Рейд барысында Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен өрттің алдын алу, өрт жағдайын бағалау, азаматтарға өрт кезінде өздерін және мүліктерін қауіпсіз сақтаудың жолдарын жан-жақты түсіндірілуде.  Ал полиция қызметкерлері - көші-қон заңнамасы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексеруде.

Қазіргі таңда қала аумағында 37 жатақхана бар болып табылады. Аталған жатақханаларда жергілікті атқарушы орган, жергілікті полиция қызметкерлері,  «КазТрансГазАймақ» АҚ өкілдерін және «Жібек Жолы» жастары еріктілерің жұмылдыра отырып, бірлескен іс-шара өткізілуде. Адамдар көп жиналатын орындарға әрқашан өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ерекше талаптар қойылады. Мұндай ғимараттарға жатақханалар да жатады.

Айта кеткен жөн, жыл басынан 10 айда Тараз қаласында жатақханалар бойынша 5 өрт оқиғасы тіркелген. Өкінішке орай, аталған өрт оқиғасынан 2 адам қаза болып, 3 адам жарақат алды.   Осыған орай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар, жатақхананың әрбір тұрғыны өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс. Адамдарды дер кезінде хабардар ету болашақта қайғылы жағдайлардың алдын алуға септігін тигізер анық. Осыған орай, қала аумағындағы жатақханаларды толығымен аралап, жатақхана тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулар беріліп, анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс жолданатын болады.

Іс-шараның басты мақсаты, жатақханалардың тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыра отырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі