«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында облыс аумағында жатақханалар мен шағын қонақ үйлерде  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жұмыс істейтін жатақханаларды, жеке тұрғын үй құрылыстарын жатақханаға қайта жоспарлау жағдайларын анықтауға бағытталған «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

15 қарашада Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен, депутаттармен, еріктілер ұйымдарымен бірге Бекмаханов көшесінде орналасқан Павлодар қаласының жатақханаларының біріне барды. Сапар барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізілген азаматтардың тұрмыс жағдайына назар аударылды. Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімшелері жатақхана ғимаратында шартты өрт ошағын сөндіру бойынша жаттығулар өткізді, ал еріктілер дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша сабақтар өткізді.

Павлодар облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы