ТЖМ-да идеологиялық және тәрбие жұмысы бойынша оқу-әдістемелік жиын басталды

ТЖМ-да идеологиялық және тәрбие жұмысы бойынша оқу-әдістемелік жиын басталды

Төтенше жағдайлар министрлігінде алғаш рет ТЖД, әскери бөлімдер және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бастықтарының орынбасарлары үшін кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін оқу-әдістемелік жиын өткізілуде. Оқу-әдістемелік жиынның тақырыбы: «Идеологиялық және тәрбие жұмысы, қызметтік-әскери тәртіпті нығайтудағы басым бағыты».

Оқыту іс-шарасы министрлік өткізетін трансформация шеңберінде өткізілуде.

Іс-шараның ашылуында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құттықтау сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан трансформацияның маңыздылығын және оны іске асырудағы әрбір қызметкердің рөлін атап өтіп.

Оқу-әдістемелік жиын жұмысына ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мемлекеттік органдардың лекторлары жұмылдырылды. Жиын идеологиялық және тәрбие жұмысы саласындағы өзекті проблемалар мен мәселелерді оқытуды көздейді.

Жалпы, министрлік идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша вертикалды құрылым құрды. Тұжырымдама бекітіліп, осы жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. ТЖД бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының жаңа лауазымдары енгізілді, аумақтық органдарда тәрбие бөлімшелері құрылды.

Оқу-әдістемелік жиын 2023 жылғы 18 қарашаға дейін жалғасады.

 

 

ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті