Атыраулық құтқарушылар көпірден секірген әйел адамды құтқарды

Атыраулық құтқарушылар көпірден секірген әйел адамды құтқарды

2023 жылғы 13 қарашада сағат 15:00-де Атырау қаласы Орталық көпірден Жайық өзеніне белгісіз әйел адам секіріп кеткені жөнінде хабарлама түсті.

Хабарлама түскен бойда шақырту орнына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті.

Сағат 15:07 минутта құтқарушылар Айдаров Берікқали, Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 ж.т. әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта әйел адамның жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.

Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы