2023 жылғы 10 қарашада Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаевтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. ТЖМ қарамағындағы ғалымдар мен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен отырыс "дөңгелек үстел" форматында өтті.
Отырыс барысында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Баймулдиновтың комитет қызметін дамыту және жетілдіру мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.
Бұдан басқа, "Сейсмология институты" ЖШС өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, олардың баяндамалары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ғылыми-техникалық тапсырмалар мәселелерін пысықтауға арналған.
Ғылыми-техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ТЖ саласындағы ғылыми қызметті одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер мен іс-шаралар қабылданды және нақты белгіленді.