
2023 жылғы 10 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төрағалығымен Орталық Азия елдері төтенше ведомстволары басшыларының кеңесінің отырысы – Өңірлік форум өтті.
Форум БҰҰ-ның Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының және БҰҰ Даму бағдарламасы мен Германия қоғамының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасының (GIZ) қолдауымен өткізіледі.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шарипханов, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Азамат Мамбетов, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Рустам Назарзода, Түрікменстан делегациясының өкілі Мердан Аннагурдов және Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Құлдашев, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әлемде туындайтын климаттық өзгерістер мен жиілеп кеткен төтенше жағдайларды ескере отырып, осы Форумды өткізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Форум қатысушылары Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығына осы іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ апаттар қаупін азайтуға және өңірдегі климаттың өзгеруіне бейімделуге одан әрі қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.
Іс-шара аясында 2024 – 2025 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы Іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Форум қорытыныдысы бойынша «Цифрлық қауіпсіздік паспорты және интерактивті карта – ҚР-дағы тәуекелдердің цифрлық атласы» әзірленген платформасы мысалында ОА елдерінің табиғи және техногендік трансшекаралық қауіптерінің Цифрлық атласын құру тұжырымдамасы талқыланды және мақұлданды
Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының БҰҰ Бас хатшысына Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы ерте құлақтандырудың және өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін құру мәселесі бойынша үндеуіне қол қойылды. Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының өңірлік форум – кеңесінің хаттамасы қабылданды.
ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті