
Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау органдарында 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
Қала аумағында бірнеше рет орын алған ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, батылдық пен шеберлік таныта білді.
2022 жылғы 8 қаңтар күні «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан пәтерден түтін шығып жатырғандығы жөнінде шақырту түседі. Оқиға орнына жедел жеткен кезде пәтерден жануды анықталды.
І-бөлімше дереу газ түтіннен қорғау қызметінің буынына қосылу арқылы «1 Б» оқпанын жану ошағына береді. ІІ-бөлімше, яғни Ерлан Дәулетов бөлімше командирінің бұйрығымен тыныс алу аппаратына қосылып, сол үйдің тұрғындарын таза ауаға шығарып, эвакуация жұмыстарын жүргізеді.
Жану орын алған мезгілде 10 ересек, 9 бала түтін құрсауында қалып, өз еріктерімен сыртқа шыға алмаған.
Жеке құрамның жедел әрекеті арқасында тұрғын үйдің ғимаратынан 9 бүлдіршін өмірі құтқарылды. Сонымен қатар газ түтіннен қорғау қызметінің буын құрамында көршілес тұрған тұрғын үйге өрттің таралуына жол бермей, «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларының» талаптарына сәйкес іс-қимыл атқарған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі