
2022 жылы облыс аумағында тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен 9 өрт болып, нәтижесінде 1 адам қаза тапты. 13 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Ағымдағы жылы газ баллонының жарылуы себебінен 1 өрт оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 1 адам қаза тапты.
Қазақстан Республикасының заңдары мен қағидаларында тұрмыстық баллондарды пайдалануға қойылатын мынадай талаптар мен қағидалар болады.
Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ желісі ұйымдары және тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттерінің иелері міндетті:
1) тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылығы тұрғысынан тексеруге;
3) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауар белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонға сапа кепілдігі талонын беруге;
5) газ баллонды қондырғыларға авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
Тұрақты автомобиль газ құю станциясында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді (яғни тұрмыстық баллондарды құюға тыйым салынады).
Цилиндрлерді толтырудың максималды деңгейі резервуардың геометриялық сыйымдылығының 85% құрайды.
Өлшеу әдісімен толтыру дәрежесін бақылау үшін таразы қолданылады.
Үй-жайларда Орнатылатын газы бар баллондар жылыту радиаторларынан және басқа да жылыту аспаптары мен пештерден кемінде 1 метр және ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 метр қашықтықта болуға тиіс.
Жоғарыда аталған нормаларды сақтау тұрмыстық газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді және сіздің өміріңізді сақтайды.
Артур Молдагулов
СҚО бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік
департаментінің басшысы