
Ефрейтор Серікқазы Елдар 2021 жылдан бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде аға маман (аға сүңгуір) лауазымында қызмет етеді. Қызмет барысында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті.
Серікқазы Елдар қызмет өткеру кезінде бірнеше рет ірі және резонанстық өрттерді жоюға қатысты. 2023 жылдың маусым айында Абай облысының аумағында болған орман өртін жоюға белсенді қатысты. Оқиға орнына барғанда орман шаруашылығының ашық жануы болды, қарағай ағаштар жанды. Өрттің барлау жүргізу барысында, ағаштың оқпанына тиген найзағайдан бүкіл орман жануы болғанын анықталды және орманшылар өртті өз бетінше жоя алмады. Өрт сөндіру операциясы барысында жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі