
Абай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Мәселен, 2022 жылдың мамыр айында Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтеріндегі өрт кезінде барлау жүргізу кезінде 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Оның үйлесімді және сауатты әрекеттерінің арқасында өрт кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтап қалды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі