«Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» такырыбында брифинг өтті

«Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» такырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» такырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау баскармасы бастығының орынбасары Пархоменко Александр сөз сөйледі. Брифинг барысында ағымдағы жылдың 9 айы бойынша қорытындылар айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.

Өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігі білімінің деңгейін арттыру және төтенше жағдайлар мен өрт жағдайларында облыс мектептерінің оқушылары мен қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында облыстың білім беру объектілерімен және мектепке дейінгі мекемелерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Халық арасында мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын атаулы профилактикалық жұмыс (аулаларды аралау, жадынамалар тапсыру, БАҚ-та сөз сөйлеу) жүргізіледі.

Тамыз айында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне комиссиялық тексеру жүргізілді. Профилактикалық жұмыстармен халықтың әлеуметтік осал топтарының 4 611 үйі қамтылды, оның барысында 5 213 азаматқа нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйінен басқа, профилактикалық жұмыстар облыстың барлық тұрғын үйлерінде жүргізіледі.

Бүгінгі таңда 34 мың 360 үйді аралауға бейім, оның барысында 37 мыңнан астам азаматқа ұсыныс түбіртектерін таратумен нұсқау берілді.

Сонда да, жылыту кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында 41 өрт тіркелді, өрттерде 1 адам қаза тапты.

Сонымен қатар, спикер облыс тұрғындарына жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі