Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы Кеңесінің XIV отырысы өтті

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы Кеңесінің XIV отырысы өтті

2023 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Азамат Мәмбетовтің қатысуымен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы Кеңесінің он төртінші отырысы өтті.

Кеңес отырысында Орталықтың 2023 жылғы есебі қаралып, мақұлданды. Отырыс шеңберінде Орталықтың азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі климаттың өзгеруіне және төтенше жағдайларға бейімделуі туралы ақпарат ұсынылды.

Өз кезегінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығына мүше мемлекеттердің шеңбері одан әрі кеңейіп, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан төтенше ведомстволарының өкілдерін орталыққа толыққанды мүше ретінде қосылуға шақырды.

Кеңес мүшелеріне жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ апаттар қаупін азайту, төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықты күшейту саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде іске асыруда орталықтың әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану жөніндегі тараптардың күш-жігерін жандандыру ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық Кеңесінің шешіміне қол қойылды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі