Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшыларың халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшыларың халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті

10 қарашада Алматы қаласында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Азия елдері төтенше ведомстволары басшыларының кезекті өңірлік форум-кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.

Бүгін, 9 қарашада өңірлік форум аясында Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшыларының Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының, БҰҰ Апаттар қаупін азайту басқармасының, GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының және БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті.

Кездесулер барысында азаматтық қорғау саласындағы даму мәселелері бойынша өзара іс-қимыл саласындағы одан әрі қадамдар талқыланып, белгіленді.

Қазақстан ТЖ министрі Сырым Шәріпханов өзара ынтымақтастықтың құндылығын атап өтті. «Халқымыздың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін табиғи апаттарға қарсы іс-қимылдың заманауи әдістерін қолдану және дамыту қажет», - деп атап өтті Сырым Шәріпханов.

Өңірлік форум апаттар қаупін азайту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту және дамыту мәселелері бойынша қосалқы механизм болып табылады және тұрақты жұмыс істейтін консультативтік платформа ретінде әрекет етеді.  Өңірлік форумға қатысушы елдер Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан болып табылады.

Алматы қаласында орналасқан Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы Өңірлік форумның Хатшылығы болып табылады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі