
2023 жылдың 6 қарашасынан бастап Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында екі санаттағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын бастады.
Олар «Тергеу бөлімшелерінің» және «Ғылыми сынақ өрт зертханаларының» қызметкерлері. Бүгінгі күні Азаматтық қорғау академиясы Өртке қарсы қызмет комитетімен бірлесіп ІІМ Қарағанды академиясы қызметкерлерінің, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынау зертханасы қызметкерлерінің қатысуымен сабақтар ұйымдастырды. Сондай-ақ Ақмола облысы ІІД жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері, Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің профилактикалық қызметінің қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, ғылыми сынақ өрт зертханаларының ең тәжірибелі қызметкерлері күндізгі оқу факультетінің курсанттарымен анықтамалық сабақтар өткізіп, мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, көп жылдық кәсіптік тәжірибелерімен бөлісті.
Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі