
Павлодар облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды. Брифингтің тақырыбы: "Павлодар облысының аумағында 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық туралы".
Спикер ретінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Трещев Олег Юрьевич сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында, Олег Юрьевич Павлодар облысының ТЖ департаменті қысқы кезеңдегі іс-қимылдарға дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Өткен жылдардың қысқы кезеңдерін талдауды ескере отырып, жалпы ұзындығы 700,3 км Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 257 қарлы учаске анықталды.
Жергілікті атқарушы органдар 171 жылыту пунктін дайындады. Қосымша жылыту пункттері ретінде 2 ТМҚП, 13 ДЭУ (ДЭП) және 3 мобильді пункт (вахталар) пайдаланады. Барлығы: 188жылыту пункттері, жалпы сыйымдылығы 15 мың адамаға.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарының жалпы топтамасы айқындалды, ол жеке құрамның 2031 адамын, 417 бірлік қар тазалау техника, 325 бірлік инженерлік техника, 136 бірлік эвакуациялық техника, 132 бірлік басқа да жоғары өтімді техниканы құрайды.
Ағымдағы жылдың 7-14 қыркүйек аралығында ТЖД қызметкерлері «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға жол-пайдалану басқармаларын дайындау бойынша комиссиялық тексерулер жүргізді.
Комиссиялық тексеру барысында көктайғаққа қарсы материалдардың қорлары, тұз, құм және реагенттер тексерілді, 10 қоймада көктайғаққа қарсы материалдардың қорлары 144820 текше метрге дейін құм, 1148 текше метрге дейін, 4296 тонна тұз одан аса қажет жерлерге (тау асуларының көтерілуі-түсуі, қарқынды қозғалысы бар қиылыстар, теміржол өткелдеріне, аялдама автобус алаңдарына кіреберістер) әкетілген көлемде толықтырылады,қар тазалау техникасы, қар ұстайтын қалқандары тексерілді.
Қысқы кезеңнен қауіпсіз өту мәселесі ерекше бақылауда, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Павлодар облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы