Тараз теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Тараз теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

2023 жылға арналған оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 қарашасында Тараз қаласының теміржол вокзалында өрт - тактикалық және сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, Тараз қаласының теміржол вокзалы ғимараттарының бірінде жер сілкінісі салдарынан өрт шыққан.

Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчерлері шақырту орнына №2 жоғары шақырту бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын жіберді.

Оқу-жаттығуға Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің, Жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарының мамандары, атап айтқанда жеке құрамның 25 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. 

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін нысанның жауапты тұлғалары адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялаумен айналысқан. Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер де келді.

Өрт шыққан жерде дереу өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылды, өрт ошағына сөндіру үшін 2 "Б" оқпаны берілді, газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 буыны құрылды және қауіпсіздік бекеттері қойылды. Шартты өрттің ауданы 40 шаршы метрді құрады.

Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушыларға кемшіліктер жеткізіліп, оң жақтары атап өтілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі