Жеке тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылуда

Жеке тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылуда

«АMANAT» партиясының облыстық филиалы кәсіпкер Владимир Витченконың қолдауымен әлеуметтік осал отбасылар үшін 100 улы газ датчигін сатып алды. Өткен демалыс күндері Петропавл қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері арнайы құрылғылардың бір бөлігін орнатып үлгерді.

Бұл датчиктер өрт немесе улы газбен улануға қатысты қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Соңғы жылдары өңірде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан көптеген тұрғындар зардап шекті. Тіпті, адам шығыны да  тіркелді.

«AMANAT» партиясының мақсаты – қала тұрғындарына жылыту маусымында пеш жағудың қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор екенін ескерту. Сондықтан жеке тұрғын үйде тұратын тұрғындарға улы газ датчигін орнатуға кеңес береміз. Сақтықта қорлық жоқ. Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерден қорғаңыздар», - деді кәсіпкер  Владимир Витченко.

Партиялықтар мен  азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен акциясы аясында осы жылдың соңына дейін арнайы құрылғылар көпбалалы және аз қамтылған тұрғындарға тегін жеткізілетін болады. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап СҚО-да олардың 529-ы орнатылды.

«Департамент атынан партия өкілдеріне осындай игі іске ат салысқаны үшін алғысымды білдіремін. Біздің бірлескен жұмысымыз өз пайдасын тигізеді деген сенімдемін», - деді Петропавл қалалық ТЖ басқармасының басшысы Назымбек Елемесов.

СҚО ТЖД баспасөз қызметі