Жетісу облысының құтқарушылары күзгі-қысқы балық аулау орындарында су айдындарында рейдтер жүргізуде

Жетісу облысының құтқарушылары күзгі-қысқы балық аулау орындарында су айдындарында рейдтер жүргізуде

Көптен күткен қыстың келуімен мұзда балық аулауды ұнататындар және қысқы су айдындарында ашық ауада демалуды ұнататындар жаңа маусымдық ойын-сауық мүмкіндігінің пайда болуына қуанады. Қыста демалу көптеген жағымды сәттерді береді, бірақ сонымен бірге табиғи жағдайлар денсаулыққа, кейде өмірге қауіп төндіреді.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Ащыбұлақ» су қоймасында профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Бұл іс-шараның мақсаты күзгі-қысқы балық аулау кезінде жарақат алу және жазатайым оқиғалардын алдын алу.

Рейдтік іс-шаралар кезінде балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабының қолданылуы жеткізілді, сондай-ақ 100-ден астам үгіт өнімі таратылып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері суға батып зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетудің көрнекі көрінісі түрінде профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Жалпы, ТЖД облыс бойынша ПД-мен бірлесіп балық аулау орындарында патрульдеу, аралау және рейдтер үнемі жүзеге асырылады. Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап барлығы 800-ден астам патрульдеу және рейдтер жүзеге асырылып, суда (мұзда) жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша 5371 нұсқамалар өткізілді.

Жетісу облысының «Аңшылық және балық аулау» Әуесқойлық қоғамымен және Жетісу облысының ТЖД-мен ынтымақтастықты дамыту үшін меморандум жасалды, оның мақсаты аң аулау мен балық аулауға байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдемдесу болып табылады.

Құрметті азаматтар, Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу облысының барлық тұрғындары мен қонақтарын қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі