Өскемендегі өрт сөндірушілер әріптесін шығарып салды

Өскемендегі өрт сөндірушілер әріптесін шығарып салды

Өскемен қаласының №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Амантай Қошқаровты зейнеткерлікке шығарды. Ол азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істеді. Ол 100-ден астам өртті сөндіріп, 10-ға жуық адамды құтқарған.

Амантайдың өзі 2006 және 2023 жылдары Ұлан және Глубокое аудандарында орманды дала өрттерін сөндіруге қатысқанын есіне алады, бұл кезде аяусыз  қызыл жалын жолындағының барлығын жалмады.  «2002 жылы өз қарауылыммен бірге 2007 жылы Өскемен ЖЭО-да отпен күрескен кездегі  өрт те есімде. Нысандағы жалын өте тез тарады, айналада улы түтінге толды, бірақ әріптестерімізбен бірге жалынның одан әрі таралуына жол бермедік. Ұн тарту комбинатында да күрделі өрт болды...», - дейді Амантай Қошқаров.

Қошқаровтар отбасында 3 бала бар. Үлкен ұлы Арыстанбек әкесінің жолын қуып, Глубокое ауданының №23 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді. Әкесі осы ізгі мамандыққа деген сүйіспеншілігін оятты, бала күннен бастап  ол өрт сөндірушілердің қатарына қосылуды армандады.

Өрт сөндіру жабдықтарын киіп, қалыптасқан көпжылдық дәстүр бойынша қызметтің жап-жаңа жас зейнеткері «су кедергісінен» өтті. Сонымен бірге өрт сөндірушілер өздерінің үлкен көліктеріндегі сиреналарды қосып, Амантайды үлкен қошеметпен құттықтады. Бүкіл «рәсім» әрқашан эмоционалды, қызықты және әсерлі өтеді. Қарауыл бастығының балалары да әкесін қолдауға келіп, лайықты демалысымен құттықтауға келді және «суға шомылғаннан» кейін оны қатты құшақтап, енді олармен көбірек уақыт өткізетініне қуанышты болды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі