Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев JICA Жапония өкілдерімен кездесу өткізді

Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев JICA Жапония өкілдерімен кездесу өткізді

Жапондық табиғи апаттарға қарсы күрес ұйымдарының Қазақстанға сапары аясында, Алматы қаласы ТЖ Департаментінде Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге апаттардың алдын алу жөніндегі аймақтық энергетикалық орталықтың директоры, Чуэцу командасының менеджері және атқарушы директоры - Кавучи Такеши, Mizusawa Elektrik co.Ltd директоры - Мизусава Мотохиру, жобаларды қалыптастыру жөніндегі кеңесші, Қазақстандағы JICA жергілікті кеңсесі - Айа Ито, бағдарлама жетекшісі - Ханаэ Ямамото, Токиодағы  JICA кеңсесі, Департамент бастығы - Атығаев Нұрлан, бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, ассисент және аудармашы қатысты.

Сапардың мақсаты төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ақпарат және тәжірибе алмасу бөлігіндегі мәселелерді таныстыру, талқылау, келешектегі ынтымақтастық болып табылады.

Нұрлан Атығаев делегацияның қалалық жүйе және ТЖ ден қою алгоритмі туралы сұрағына жан-жақты жауап берді. Ол цифрландыру шеңберінде енгізілген қауіпті табиғи құбылыстар мониторингінің инновациялық жүйелері туралы: селге қарсы автоматтандырылған мониторинг (АЖМ), халықты құлақтандыру жүйесі, іске асырылып жатқан жобалар - дағдарысқа ден қоюдың бірыңғай жүйесі, көшкін қауіптілігінің автоматтандырылған мониторингі (АЖМ), жер сілкінісі кезіндегі автоматтандырылған ертеден құлақтандыру жүйесі (АЕҚЖ) туралы айтып берді.

Жоғарыда келтірілген практикалық мысалдар барысында Айя Ито ханым мегаполистегі ведомствоаралық басқарманың тиімділігін атап өтті, халықты ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз ету бойынша «112» қызметінің жедел өзара іс-қимылы мен ден қоюына оң баға берді.

Өз кезегінде Кавучи Такеши мырза «Ниигата» префектурасындағы дағдарыстық жағдайларды реттеу тәжірибесімен бөлісті. Жиі жер сілкіністеріне байланысты «Ниигата» халқы үнемі қауіп-қатер сезімімен өмір сүруді үйренді.

Делегация 2003 жылғы «Ниигатадағы» жер сілкінісінің туралы презентация дайындады, онда қираудың, соның ішінде беткейлерді кесу нәтижесінде көшкін қаупі бар учаскелердің ауқымы айқын көрсетілген. Оның айтуынша, іргетастың астындағы топырақтың шөгуіне байланысты көпірдің бөліктері қираған: жұмсақ жерде олар сейсмикалық шөгуге төтеп бере алмады, ал көпірдің басқа бөліктері өзгеріссіз қалды. Содан кейін эвакуация кезінде халықты жинау орындары, оларды орналастыру бойынша проблемалық мәселелер, еріктілердің жұмысы және т.б. мәселелер айтылды.

Нәтижелі талқылаулардан кейін Нұрлан Атығаев қонақтарға бастамашыл кездесуі мен көрсетілген презентация үшін алғысын білдіріп, төтенше жағдайға ден қою саласындағы халықаралық алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар бұл кездесу одан әрі өзара іс-қимылға, оның ішінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң серпін беруі тиіс деген қорытындыға келді.

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі