
Алматы қаласының ТЖД мегаполистің көпқабатты үйлерінің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Мәселен, 4 қарашада Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев Алатау ауданындағы «Ақкент» шағын ауданы №54 көп қабатты үй тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындармен түсіндіру әңгімеге басқарушы ұйымның өкілі, сондай-ақ Департамент басқармаларының бастықтары қатысты.
Нұрлан Атығаев нысанның өрт-техникалық жай–күйі туралы хабардар етті, тұрғындардан әр түрлі сұрақтарға, атап айтқанда – эвакуациялық жолдар, орын алған өрт фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу барысы туралы жауап берді.
Ол қазіргі уақытта бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, оның аясында қосымша сараптамалар тағайындалғанын түсіндірді. Жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін барлық шаралар қабылдануда.
Өз кезегінде басқарушы компанияның өкілі тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі