
Ағымдағы жылы Қарағанды облысының әкімдігі табиғи өрттермен күрес жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қаражат бөлді.
Бөлінген қаражатқа 5 жаңа орман өрт сөндіру станцияларының ғимараты салынды және пайдалануға берілді, сондай-ақ облыстың барлық 9 орманшылығы өрт сөндіру техникасымен, жабдықтарымен және табиғи өрттерді сөндіру үшін қажетті басқа да мүліктермен 100% толық жарақтандырылды.
5 орман өрт сөндіру станциясы Керней ауылында (Белағаш орманшылығы), Шабанбай би ауылында (Қызыларай орманшылығы), Ақсу-Аюлы ауылында (Шет орманшылығы), Егіндібұлақ ауылында (Қу орманшылығы), Окольное ауылында (Жастар орманшылығы) салынды.
Бұл станциялар жеке құраммен, өртке қарсы жабдықтармен, техникамен, оның ішінде жаңа өрт сөндіру және патрульдік автомашиналарымен, соқалары бар тракторлармен, квадроциклдермен, мотоциклдермен, квадрокоптерлермен, қорғаныс киімдерімен, байланыс құралдарымен, мотопомпалармен, ранецті өрт сөндіргіштермен, шынжырлы аралармен, шартылдақмен, балталармен және орман өрттерін сөндіруге арналған басқа да қажетті жабдықтармен және мүліктермен толық жабдықталған.
Сондай-ақ нысандар жылумен, сумен және энергиямен қамтамасыз етілген.
Барлық орман шаруашылықтарының жұмыс істеуі және толық жабдықталуы алдағы жазғы өрт қауіпті кезеңдерде табиғи өрттермен ойдағыдай күресуге мүмкіндік береді.
Алдағы өрт қауіпті кезеңдерге дайындық тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі